10 қараша 2021 17:48

"Жаңылыстым" - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Варламовқа берген сұхбаты туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ресейлік блогер Илья Варламовтың репортажында айтқан сөздерін түсіндірді. Қалқаманов Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Варламовқа кесенені (Қожа Ахмет Ясауи – ескерт.) түріктің Sembol компаниясы салды деп жаңылысқанын түсіндірді. Сондай-ақ, ол "Керуен Сарай" аумағы неге "жекеменшік" екенін түсіндірді.

"Әрине, мен жаңылыстым. Әңгіме "Керуен-Сарай" кешені туралы болатын. Sembol - құрылыс салушы, бірақ кешенді басқа компания - сол холдингтегі "TURKISTAN SILK WAY HARBOR" ЖШС басқарады. Бұлар түріктің жекеменшік серіктестігі, өздері салды, өздері қызмет көрсетеді, осы кешенмен жұмыс істейді. Бұл компания аумағы, ол мемлекеттік нысан емес, әкімдіктікі де емес, мұражай-қорық және Мәдениет министрлігіне қарамайды. Кешенді жеке тұлғалар басқарады", - деп түсіндірді Қалқаманов.

Айта кетейік, Түркістанға келген блогер Варламов "Керуен-Сарай" туристік кешенінде түсірілім кезінде қиындыққа тап болғанын айтқан болатын.

"Компания толығымен Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады және заңдарға сәйкес әрекет етеді, бірақ әкімшіліктің өз ережелері де бар. Оларда кәсіби түсірілімге тыйым салынған, бірақ бұл ережені жоюды сұрадық. Қазір ондай ереже жоқ. Варламов барғанда маңайында камерасы, жарық, барлық құралы бар адамдар жүрген. Сондықтан рұқсат туралы сұрақ туған. Оларға мұндай түсірілімді рұқсатсыз жүргізуге болмайтыны айтылған. Туристерге "Керуен-Сарайды" өз телефонына түсіруге тыйым салынбайды", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети