22 қараша 2017 14:15

"Жаным, кешір мені". Атырауда асылып қалған қалыңдықтың оқиғасында тың деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында қорасында асылып қалған келіншекке қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атырау облысында қорасында асылып қалған келіншекке қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook желісінде түсіндіріп жазды. Оның айтуынша, оқиға жайлы Д. деген азамат хабарлаған. Ол келіні Қайып Данараны үйдің қорасында асылып тұрған жерінен тауып алған. 

"Іс материалдары сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандар мәйітті қарап, оның мойнынан странгуляциялық зақымы бар екенін анықтаған, басқа жеріне зақым келмеген. Десе де, әдеттегідей сот-медициналық сараптама жүргізілді. Қорытындысы әзірше дайын емес", - деп жазды ол өз парақшасында.

Сонымен қатар, облыс прокурорының айтуынша, қыз жігітпен 2016 жылдың күзінде "ВКонтакте" желісі арқылы танысып, сөйлесіп жүрген. 2017 жылдң маусымында жігіт Ақтөбеге барып, Данарамен кездескен және екеуі үйленуге келіскен. 

Жігіттің айтуынша, қыз некеге келісім берген, сондықтан ол оны Атырауға алып кеткен. Атырауға келгеннен кейін жігіттің ата-анасы оларды өз үйінде тұрғызуға рұқсат берген және қайғылы оқиға болғанға дейін жұп сол үйде тұрып келген. 

"Сол күні жігіттің ата-анасы үйде болмаған, жігіт те Оралға асқа кеткен. Жігіт 15.22-де қыздан "жаным кешір мені" деген хабарлама алған. "Неге?" деген сұраққа қыздан "жай" деп жауап келген. Екі сағат өткенде жігіттің әкесі телефон соғып, қыздың асылып қалғанын хабарлаған", - деп хабарлады прокурор. 

Сонымен қатар, Данараға дейін жігіттің үйленгені және баласы бар екендігі анықталды. "2013 жылы жігіт бір қызбен танысып, олар кездесе бастаған. 2014 жылы жігіт қыздың жүктілігін біліп, некесін тіркеткен, алайда олар бірге тұрып келмеген. Олардың 2014 жылғы баласы бар. Ал Данарамен бірге тұрып жатқан уақытында жігіт өз әйелімен ресми түрде ажыраспаған болып шықты. Жігіттің айтуынша, Данара оның әйелі жайлы білген және бұл мәселеде жанжал болмаған", - деп баяндады мән-жайды Ернат Сыбанқұлов. 

Сонымен бірге, прокурор тергеу қорытындысын қосымша хабарлауға уәде берді.

Еске салайық, мұның алдында жергілікті басылымдар өлі табылған қыздың ұрланғаны жайлы хабарлаған болатын. Ол қаладағы ауылшаруашылық колледжінде оқыған. Оны сүйгені Атырауға алып кетіп, үйленбекші болған. Алайда ол өзінің әйелі мен екі баласы барын жасырып қалған делінген еді. Қыз бала мұны білгеннен кейін асылып қалған деген болжам болды. Ал кейін Атырауда өлі табылған қалыңдықтың оқиғасына қатысты жаңа деректер белгілі болған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети