20 қараша 2017 08:04

Ақтөбеде ұрланып, Атырауда өлі табылған қалыңдық жайында сұмдық деректердің беті ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данара Қайыпова. © әлеуметтік желіден Данара Қайыпова. © әлеуметтік желіден

Ақтөбеде ұрланып, Атырауда өлі табылған қалыңдықтың оқиғасына қатысты жаңа деректер белгілі болды. 


Ақтөбеде ұрланып, Атырауда өлі табылған қалыңдықтың оқиғасына қатысты жаңа деректер белгілі болды. 

"Актобе-Таймс" газетінің мәліметінше, ұрланған қыздың аты Данара Қайыпова болған. Ол қаладағы ауылшаруашылық колледжінде оқыған. Оны сүйгені Атырауға алып кетіп, үйленбекші болған. Алайда ол өзінің әйелі мен екі баласы барын жасырып қалған. Қыз бала мұны білгеннен кейін асылып қалған деген болжам бар.  

"Менің қызым үнемі |"ата-анасы сондай жақсы, бақыттымын" деп жүретін. Сенетінмін, ата-енесін тек қызымның өлімінен кейін ғана көрдім. Мен бес баланың анасымын, он жыл бұрын бір қызымнан айырылғанмын, енді тағы да қайғыға душар болып отырмын! Данараның өліміне кінәлі адам барынша қатал жазалансын!", - дейді қыздың анасы Інжу Қайыпова. 

"Қызымның өліміне оның туыстары кінәлі деген ойдамын. Қазір нақты ештеңе білмейміз. Атырауда сараптама жасалып, "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жаным ауырады, ештеңе білмеймін. Сұлуым жоқ енді, оның өліміне кім жауап береді?", - деп налыды әйел. 

Биыл Данара оқуын аяқтауы керек болатын. Оның құрбылары, бірге оқығандар мен оқытушылар мұны естіп аңтарылып қалған. 

"Данара бізге 11 сыныптан кейін келген, бой жеткен, сұлу да ақылды. Қараша соңында дипломын алуы керек еді. Өкіншті. Сабақтан қалған емес, колледждің қоғамдық өміріне де белсене араласты. Жатақханада тұрып, стипендия алатын. Қыркүйекте ұзатылатынын естідік. Соңғы практикасы қалған еді. Көз жұмарынан бұрын, сол күні құрбысына қоңырау шалып, мақтанып, тойға шақырған болатын. Мұндайға не итермелегені бір Құдайға ғана аян!", - дейді колледж директорының орынбасары Айгүл Есмұханова. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети