20 ақпан 2020 16:05

Жапония жағалауындағы лайнерде болған екі қазақстандық коронавирустан тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Diamond Princes кемесінде болған екі қазақстандық коронавирустан тексерілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Diamond Princes кемесінде болған екі қазақстандық коронавирустан тексерілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кемеде төрт адам болды. Бүгін біз сараптама көшірмелерін алдық, олардың екеуінен коронавирус анықталмады. Қалған екі адам бойынша ақпарат анықталып жатыр, байланыстамыз", - деді министр. 

Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров круиз лайнерінде қалып қойған қазақстандықтар туралы мәлімет берген еді. Олар: екі әйел және 8 бен 12 жастағы екі бала.

Еске салайық, осыған дейін Жапонияда 3700 жолаушысы бар круиз лайнерінде бір адамнан коронавирус табылған соң карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Diamond Princess кемесі 20 қаңтарда Йокогамадан шыққан, 3 ақпанда портқа оралған еді. Жапония билігі оның бортындағы қытайлықтан коронавирус табылғандықтан, 19 ақпанға дейін карантин жариялаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети