Желіде Жаркент қаласының әкімі Болат Омаровтың полиция бөлімшесі алдына жиналған жүргізушілермен кездескен видеосы пайда болды. Желі қолданушылары шенеунік жиналғандармен "дөрекі" сөйлескен деп санайды. Әкімнің баспасөз хатшысы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Жаркент қаласының әкімі Болат Омаровтың полиция бөлімшесі алдына жиналған жүргізушілермен кездескен видеосы пайда болды. Желі қолданушылары шенеунік жиналғандармен "дөрекі" сөйлескен деп санайды. Әкімнің баспасөз хатшысы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім мен жүк көлігі жүргізушілері кездесуінің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_brothers_official-парақшасында пайда болды.
Кездесуден түсірілген видео кадрларында шенеунік жүргізушілердің бірімен сөйлесіп жатқаны көрінеді. Бір мезетте әкімнің сөзінен кейін жиналғандар одан "неге қорқытып" сөйлеп тұрғанын сұрайды. Сондай-ақ, адамдар шенеуніктің оларға "дөрекі сөйлеп", кездейсоқ біреуді "арандатушы" дегеніне шағымданған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әкім адамдармен арандатушы сияқты сөйлесіп тұр, оның үстіне қысым көрсетеді. Халық жәйдан-жәй келмейді. Қойылған сұраққа сауатты жауап бере алмайды", - деді пікір білдірушілердің бірі.
Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлының мәліметі бойынша, 22 сәуірде "Nur joly" станциясы ауданында екі жүк көлігі жүргізушісі сот шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша қамауға алынған.
"Сол күні шекара аумағында кезекте тұрған жүзге жуық жүк көлігінің жүргізушісі Панфилов аудандық полиция бөлімінің алдына жиналып, әріптестерін босатуды талап етті. Панфилов ауданы әкімі Талғат Өмірәлиев оларға сот шешімі бойынша түсінік берді, ал Жаркент қаласы әкімі Болат Омаров жиналғандарға карантин шараларын бұзғандарын ескертіп, олардан тарауды өтінді. Алайда жиналғандар әкімді тыңдағысы келмеді және әкімді арандата бастады. Ол эмоцияға бой алдырып, дауысын сәл көтеріп, дөрекілік танытпай олардан үйіне тарауын өтінді", - деді әкімнің баспасөз хатшысы.
Ведомство мәліметі бойынша, нәтижесінде тәртіпбұзушылық болмаған, ал жиналғандар үйлеріне бейбіт түрде тараған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!