26 сәуір 2021 17:48

"Арандатушы сияқты сөйлейді". Жаркент әкімінің сөзінен кейін тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Жаркент әкімі Болат Омаровтың полиция бөлімі алдына жиналған жүргізушілермен кездесуіне Желі қолданушылары наразылық білдіргеннен кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметтік тергеу жүргізуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаркент әкімі Болат Омаровтың полиция бөлімі алдына жиналған жүргізушілермен кездесуіне Желі қолданушылары наразылық білдіргеннен кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметтік тергеу жүргізуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім мен жүк көлігі жүргізушілері кездесуінің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_brothers_official-парақшасында пайда болған еді.

"Бұл дерек бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы әкімі аппараты басшысы атына қызметтік тергеу жүргізу туралы хат жолдап, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдайды", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

22 сәуірде "Nur joly" станциясы ауданында екі жүк көлігі жүргізушісі сот шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша қамауға алынған. Сол күні шекара аумағында кезекте тұрған жүзге жуық жүк көлігінің жүргізушісі Панфилов аудандық полиция бөлімінің алдына жиналып, әріптестерін босатуды талап еткен.

Кездесуден түсірілген видео кадрларында шенеунік жүргізушілердің бірімен сөйлесіп жатқаны көрінеді. Бір мезетте әкімнің сөзінен кейін жиналғандар одан "неге қорқытып" сөйлеп тұрғанын сұрайды. Сондай-ақ, адамдар шенеуніктің оларға "дөрекі сөйлеп", кездейсоқ біреуді "арандатушы" дегеніне шағымданған.

Желі қолданушылары шенеунік жиналғандармен "арандатушы сияқты" сөйлескен деп санайды. Алайда Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы жиналғандар шенеунікті тыңдағысы келмей, арандатып сөйлегенін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети