Жарты млрд теңге шығын: Таразда құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарты млрд теңге шығын: Таразда құрылыс бөлімінің басшысы сотталды Фото:depositphotos.com

Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Қалдыбаевқа, сондай-ақ, мердігерлік ұйым өкілі О.Ерболатұлына үкім шығарды.

Мән-жай

Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған. Олардың қылмыстық қызметінің нәтижесінде мемлекетке 519 миллион теңгеден аса шығын келген.

Сот үкімі

Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жылға, Ерболатұлына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +26
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +22
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +28
П
Павлодар +23
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +32
Тараз +34
Түркістан +17
О
Орал +28
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер