13 желтоқсан 2016 19:31

Жас Отан қорғаушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ерекше сый жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жас Отан қорғаушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерекше сый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігің сайтына сілтеме жасап.


Жас Отан қорғаушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерекше сый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігің сайтына сілтеме жасап.

16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеді. Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында, еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер, патриоттық жиындар, әскери-сапорттық сайыстар мен отбасылық іс-шаралар өтіп жатыр.

Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы "Жас ұлан"республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері барша қазақстандықтарды келе жатқан мейраммен алғашқылардың бірі болып құттықтауға бекінді. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жас Отан қорғаушылар мерекелік датаны білдіретін "25" деген санға сап түзеп, өзгеше акция өткізді.

"Мен өз Отаным - Қазақстанды сүйемін", - деп ағынан жарылды ұлан Айбек Жарков. Қазіргі кезде мен «Жас ұлан» мектебінде білім алып жүрмін. Мен ертеңгі күніме сенімдімін. Сондықтан болашағымды жасай отырып, мемлекетке бір пайдамды тигізгім келеді. Біз - болашақ ұрпақ, мемлекетіміздің келешегі діттеген мақсатымызға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз".

Осылайша, Қазақстанның түкпір-түкпірінде білім нәрін сусындап жүрген жасұландықтар барша қазақстандықтарды құттықтап қана қоймай, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында казнетте бастау алған "#I_LOVE_KZ" флешмоб-акциясын қолдады. Флешмобты танымал қазақстандық жұлдыздар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдады. Бірнеше мыңдаған адам өздерінің парақшаларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аясындағы фотосуреттерді орналастырды. Қазақстандықтар да өз еліне деген сүйіспеншіліктерін білдіре отырып, желіде шағын мәтіндері мен роликтерін орналастырып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети