15 ақпан 2015 19:42

Жауын-шашын үш облыста жолдарды жабуға себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©happybirusa.blogspot.com ©happybirusa.blogspot.com

Жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 ақпан күні Жамбыл облысында ауа райы жағдайларының нашарлауына (жауын-шашын, көктайғақ) байланысты Екатеринбург - Алматы автожолының Бурылбайтал елді мекенінен Қарағанды облысы шекарасына дейінгі учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.

Қарағанды облысында дәл осы себепті Екатеринбург - Алматы тас жолының Жамбыл облысы шекарасынан Балқаш қаласына дейінгі учаскесі және Қызылорда - Павлодар автожолының Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейінгі учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды. 

Жауын-шашын Қызылорда облысында да көлік қозғалысын шектеуге себеп болды. "15 ақпан күні ауа райы жағдайларының нашарлауына (жаңбыр) байланысты Қызылорда - Павлодар автожолының Қызылорда қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды", - делінген комитеттің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети