ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер жолдың рұқсат етілмеген жері арқылы жолдан өткендерге 70 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаға қатысты пікір білдірді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарламаның жалған екенін Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер жолдың рұқсат етілмеген жері арқылы жолдан өткендерге 70 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаға қатысты пікір білдірді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарламаның жалған екенін Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хабарламадағы айыппұлдың көлеміне қатысты мәлімет жалған, қазір жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге салынатын айыппұлдың көлемі 2 АЕК (4 810 теңге). Жаяу жүргіншілердің ережені бұзуына жол бермеуге қатысты айтатын болсақ, жол-патрульдік қызметінің мамандары мұндай жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады", - деді ол.
Сонымен қатар, Ирина Лукьянина статистиканы ұсынды. Оның мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап 115 жаяу жүргінші жол-апатынан қаза тапқан, олар барлығында өздері кінәлі болған.
"Еліміздегі әрбір екінші жол-көлік оқиғасы - жаяу жүргіншіні қағып кету. Жыл басынан бері 540 жаяу жүргіншіні көлік қаққан, олардың барлығында өздері кінәлі және олардың арасында 115 адам көз жұмып, шамамен 450 адам түрлі жарақат алған. Жол апатында жаяу жүргіншілердің қайтыс болу оқиғасы көбінесе Алматыда тіркелді (+300 пайыз), одан кейін Қарағанды облысы (+133 пайыз) және Алматы облысы (+37 пайыз)", - деді баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, жаяу жүргіншілердің кесірінен болатын жол апатының басым бөлігінде адамдар жолдың рұқсат етілмеген жерінен және бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жолдан өтеді.
"Ересектердің жолда жүру ережесін бұзуы жиі кездеседі және олардың қолында баласы барлар болады, олар кейін баласы өздігімен жолдан өткенде соны қайталайтынын ойламайды", - деді Ирина Лукьянина.
"Қазір жаңбырлы ауа райы мен көктайғаққа байланысты мұндай ереже бұзушылықтар өте қауіпті, автокөліктің тежеу жолы артады және жүргізушіде жол апатын болдырмауға мүмкіндігі болмайды, егер жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жеріне жүгіріп шықса алдағы көліктің жақын кетіп бара жатуына немесе көліктің тұруына байланысты қағып кетуі мүмкін", - деп ескертті ол.
Бұған дейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері көлік шиналарын қашан ауыстыру керек екенін айтты.