15 қазан 2018 11:16

Қазақстандықтар автокөлік шиналарын қашан ауыстыруы керек?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері қазақстандақтарға автокөлік шиналарын қашан ауыстыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері қазақстандақтарға автокөлік шиналарын қашан ауыстыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Техникалық регламентінде "Сырғанап кетуге жол бермейтін бұжыртабанды доңғалақ" және "қысқы" дөңгелектер (регламентке сәйкес шинада таудың үш шыңы және қар ұшқындары бейнеленеді, сонымен қатар "M + S", "M & S", "MS" белгілері болады) деген ұғым бар. Сәйкесінше, автокөлік шиналарында осындай таңбалар болмаса, олар қысқы деп саналмайды. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Жаздық" немесе "маусымаралық" резеңке ұғымы қарастырылмаған. Нұсқаулықтың 8-қосымшасының 5.5 тармақшасына сәйкес, жазда (маусым, шілде, тамыз) сырғанап кетуге жол бермейтін бұжыртабанды доңғалақ шиналармен жабдықталған көліктерді пайдалануға болмайды.

Қыста (желтоқсан, қаңтар, ақпан) арнайы белгісі көрсетілмеген, қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, Техникалық регламент бойынша, автокөліктің барлық дөңгелегіне қысқы шиналар кигізілуі қажет", - деді Ирина Лукьянина.

Осылайша желтоқсанда, қаңтарда және ақпанда автокөліктің шиналарында таудың үш шыңы және қар ұшқындарының бейнесі, сонымен қатар "M + S", "M & S", "MS" белгілері болмаса, оны пайдалануға тыйым салынады.

"Күзде (қыркүйек, қазан, қараша) және көктемде (наурыз, сәуір, мамыр) автокөлікте қандай шинамен жүру керектігі заңнамада қарастырылмаған, мұны әркім өзі шешеді. Қажет болса, қазір қысқы шиналарды автомобильге кигізіп немесе жаздық дөңгелекпен жүруді жалғастырсаңыз (жақын арада көктайғақ болса, өте қауіпті) - бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу деп саналмайды. Бірақ 1 желтоқсаннан бастап, көлік жүргізгенде, қысқы шиналар болуы керек!" - деп атап өтті ҚР ІІМ ӘПК өкілі. 

Сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетіндегілер шиналарға байланысты қойылған жалпы талаптарды: автомобиль дөңгелегі протекторының биіктігі, тозу, зақым және басқаларын ұмытпаған жөн екенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети