"Жібек жолы" кемесіне қатысты жағдай: Қазақстанға салдары қандай?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жібек жолы" кемесіне қатысты жағдай: Қазақстанға салдары қандай? Фото: ©REUTERS

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "Жібек жолы" кемесіне қатысты жағдайдың Қазақстанға салдары болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "Жібек жолы" кемесіне қатысты жағдайдың Қазақстанға салдары болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық тасымалдаушы бұл кемені заңды түрде жалға берді, қазір кемені жалға алып отырған ресейлік компанияға беруге ешқандай шектеулер болған жоқ. Ешқандай халықаралық та, ішкі құжаттарда да", - деді ол.

Өскенбаев егер кемені жалға алушы қандай да бір жолмен, қандай да бір елдің заңнамасын бұзған болса, бұл факт ресми түрде расталған жағдайда, Қазақстан кемені қайтару шараларына кірісетінін айтты.

"Қазақстан үшін ешқандай салдары болмауы керек, өйткені еліміз халықаралық құқықты да, халықаралық келісім бойынша ратификациялаған келісімдерді де, ішкі заңнаманы да ешқашан бұзған емес және бұзбайды. Кемені тапсырған кезде оған ешқандай заңсыз тасымалдау – есірткі, қару, басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдауға болмайды деген шектеулер қоямыз. Біз шешімді күтеміз, өйткені жағдай толық түсінікті емес", - деп қосты министр.

Еске салайық, бұған дейін министр қажет болған жағдайда Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети