05 шілде 2022 11:22

Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алушымен келісімшартты бұзуы мүмкін - министр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қажет болған жағдайда Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұза алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қажет болған жағдайда Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұза алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық тараптың ұстанымы - кемені жалға бердік. Оған осы кемені жалға алған адам жауапты. Кемені жалға алған кезде шектеулер болады, істеуге болатын, болмайтын. Егер ол Қазақстанда қабылданған құқықтық нормаларға және халықаралық құқыққа сәйкес келмейтін қандай да бір қызметпен айналысатын болса, әрине, бұл келісім бұзылады және кеме кері қайтарылады", - деді Өскенбаев Үкімет кулуарында журналистер сұрағына.

Оның айтуынша, оқиғаға түрік тарапы құқықтық баға беруі керек, ол жүктің шығу тегін анықтайды - кім жалдаушы, кім жүк жіберуші.

"Сонда бәрі белгілі болады, қандай санкциялық шектеулер болғаны. Құқықтық баға берілген соң шартты бұзып, кемені қайтарудың құқықтық салдары бар ма, жоқ па, түсінікті болады", - деп толықтырды министр.

Қайырбек Өскенбаев Қазақстан тарапы Түркияға тиісті сауал жолдағанын қосты. Алайда ол сот қорытындысын күтуге шақырды.

"Бірақ біз бұл оқиғаға араласып, мазаламай оны заң аясында анықтау керек, себебі бұл заң саласында. Олар құқықтық баға бергеннен кейін біз келісімшартты бұзу немесе бұзбау туралы шешім қабылдаймыз", - деп түйіндеді министр.

Еске салайық, бұған дейін астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілгені хабарланған болатын. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжатты (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады. ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін хабарлаған болатын.

Reuters мәліметінше, Украина Түркияға "Жібек Жолы" жүк кемесін ұстау және тұтқындау туралы өтініш білдірген. Ол Ресей басып алған Бердянск портынан Украина астығын тасымалдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети