29 қаңтар 2024 09:41

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды іздеу ерекше бақылауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Полицейлер Қарағандының барлық сауда үйлері, бағаналар, аулалардағы дүкендер мен дәріханаларда Майқұдықта жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрды деген күдікті Нұрболат Дәкебаев іздестіріліп жатқаны туралы хабарламалар ілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Полицейлер Қарағандының барлық сауда үйлері, бағаналар, аулалардағы дүкендер мен дәріханаларда Майқұдықта жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрды деген күдікті Нұрболат Дәкебаев іздестіріліп жатқаны туралы хабарламалар ілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полицейлер күдікті адамға 2 санаттағы іздеу жариялады. Бұл - ол аса қауіпті қылмыскер емес екенін білдіреді, бірақ оны ұстау облыстық Полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. Оның бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды.

"Бізге учаскелік полиция инспекторы келіп, тұтынушыларға көрінетін жерлерге хабарлама ілуді тапсырды. Біз бейбіт ұйыммыз және әрқашан зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Сондықтан 5-6 іздеу ақпаратын алып, бірнеше жерге іліп қойдық", - деді "Аян" сауда үйі қызметкерлері.

Қарағанды ​​Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері 1987 жылы туған Нұрболат Дәкебаевтың жүрген жері туралы мәлімет білетіндерді 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кейінірек шабуылдың егжей-тегжейлерін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне, әсіресе, жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне мүлдем жол берілмейді және құқық қорғау органдары деңгейінде де қатаң түрде жолын кесу керек және қоғамда сын айту керек деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети