20 наурыз 2019 09:26

Жээнбеков: Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік масштабтағы тұлға

© РИА Новости

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік масштабтағы тұлға екенін айтты, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жээнбековтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесу барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті. Назарбаевтың қазіргі заманның саяси және мемлекеттік қайраткері, реформатор екенін, тек ұлттық емес, әлемдік масштабтағы тұлға екенін айтты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қырғызстан президенті Назарбаевтың Қырғызстан мен Қазақстан арасында бауырластық қарым-қатынасты, стратегиялық серіктестікті және көршілік қарым-қатынасты жетілдіргенін ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек Жээнбеков Назарбаев барлық жақсылық пен ұзақ өмір тіледі.

Ақорданың мәліметінше, екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram