04 мамыр 2020 14:20

Жээнбеков Тоқаевқа гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Президенттер коронавирус індетінің таралуын болдырмау жөніндегі екі ел үкіметтерінің атқарған тығыз әрі жүйелі жұмысына және туындаған барлық мәселелердің жедел шешілгеніне оң баға берді.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Біз бауырлас қазақ халқының ізгі ниетін және Сіздің жеке қолдауыңызды әрдайым сезінеміз", - деді Қырғызстан Президенті. 

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау үшін бірлескен іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

Соның ішінде шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс режимін талқылап, коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін оның толыққанды жұмысын қайта қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы заңсыз тауар тасымалына жол бермеу үшін нақты шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайту мақсатында Қырғызстандағы қазақстандық компаниялардың жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселеге ерекше мән берді.

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.

 

 
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети