06 тамыз 2014 13:01

Жекешелендіруде ағайыншылдық болмауы тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру процесі кезінде "ағайын-туыстық пен жекжаттықтан" аулақ болу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру процесі кезінде "ағайын-туыстық пен жекжаттықтан" аулақ болу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шараның нәтижесінде біз осы жыл мен 2015 жылы экономикаға екі триллион теңгеге жуық қаражат тартамыз деп жоспарлап отырмыз. Бюджет 100 млрд теңгеге толығуы мүмкін", - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, жекешелендірудің екінші толқынының кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 853 нысан, оның 295-і 2014 жылдың соңына дейін сатылады.

"Әрбір нысан ашық түрде сатылуы үшін не істелді? Нысандар өз бағытын жоғалтып алмауы тиіс. Осының бәрі ашық, жариялы, ағайын-туыстың, құда-жекжаттың қатысуынсыз өтуі үшін не істеліп жатыр?", - деп сұрады Назарбаев.

"Бізде веб-портал бар. Нысан қайда сатылса да, олардың бәрі бірыңғай алаң арқылы іске асырылады", - деді Сұлтанов. "Кім жауап береді? Сен бе? Міне, әкімдердің бәрі отыр. Бұған қатаң қарайтын боламыз. Бірінші жекешелендірудің қалай өткенін білеміз. Қазір жерлерді. мүліктерді қайтып алуға мәжбүрміз, өйткені заңсыз таратылған. Кімде билік болса, сол алып кеткен. Енді бұған жол жоқ. Бұл - мемлекетті бизнестен алшақтату үшін жасалған үлкен шара", - деді оған Мемлекет басшысы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети