4 мамырда Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.
Астанада ауа райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10-12°C, күндіз 22-24°C жылы.
Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Түнде 11-13°C, күндіз 26-28°C жылы.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 5-10 м/с. Түнде 14-16°C, күндіз 32-34°C жылы.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз көптеген аумақта бұршақ болуы мүмкін. Батыста түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-23 м/с. Көкшетауда түнде жаңбыр жауады. Түнгі ауа температурасы 12-14°C, күндіз 19-21°C.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Шығыс пен оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 9-14 м/с. Қонаевта түнде 10-12°C, күндіз 27-29°C жылы.
Жетісу облысында ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Алакөл маңында күндіз жел екпіні 20 м/с жетеді. Түнде 5-10°C, оңтүстікте 13°C, күндіз 25-30°C, таулы аймақтарда 19°C жылы.
Түркістан облысында жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с. Түркістанда түнде 16-18°C, күндіз 33-35°C жылы.
Батыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік пен оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Түнде 2-7°C, кей жерлерде жер бетінде 1°C үсік жүреді, күндіз 18-23°C. Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Атырау облысында ашық ауа райы сақталады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 5-10 м/с. Түнде 7-12°C, күндіз 20-25°C. Атырауда түнде 8-10°C, күндіз 22-24°C жылы.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай. Ақтауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 5-10 м/с. Түнде 13-15°C, күндіз 24-26°C.
Ақтөбе облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай. Таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ақтөбеде түнде 6-8°C, күндіз 18-20°C.
Қостанай облысында түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Таңертең тұман. Жел 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 20 м/с. Қостанайда түнде 8-10°C, күндіз 16-18°C.
Солтүстік Қазақстан облысында кешке жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ. Жел екпінді - 25 м/с дейін. Петропавлда түнде 7-9°C, күндіз 16-18°C.
Павлодар облысының солтүстігі пен шығысында жаңбыр, найзағай. Павлодарда жауын-шашын болмайды. Түнде 5-7°C, күндіз 21-23°C.
Қарағанды облысының кей бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Қарағандыда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде 9-11°C, күндіз 23-25°C жылы.
Ұлытау облысының кей жерлерде найзағайлы жаңбыр. Жезқазғанда түнде 10-12°C, күндіз 26-28°C жылы.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Таңертең кей жерлерде үсік - 3°C. Өскеменде түнде 1-3°C, күндіз 18-20°C.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Кей жерлерде үсік. Семейде түнде 2-4°C, күндіз 20-22°C жылы.
Қызылорда облысында ашық ауа райы сақталады. Қызылордада түнде 14-16°C, күндіз 35-37°C өте ыстық.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде шаңды дауыл. Таразда түнде 10-12°C, күндіз 32-34°C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!