20 шілде 2020 16:46

Желіде Алматы облысында аялдама маңында жүрген "қасқырдың" видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қасқырға ұқсас жануардың видеосы тарады. Ол аялдама маңында серуендеп жүргені айтылады. Ролик авторы бұл Алматы облысындағы Ұзынағашта екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қасқырға ұқсас жануардың видеосы тарады. Ол аялдама маңында серуендеп жүргені айтылады. Ролик авторы бұл Алматы облысындағы Ұзынағашта екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұзынағаш ауылы кіреберісінде ұрғашы қаншық қасқыр жүр. Осында туған ба, күшіктеген бе, осы төңіректе айналшықтап жүргеніне екі-үш күн болған сияқты. Негізі кеше Instagram-нан көргенмін, түнде біреулер түсірген екен. Сондықтан сақ болыңыздар. Аялдаманың артындағы Үмбетәлі бұрылысында жүр", - дейді видео авторы.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ақпаратты тексерді.

"Инспекторлар барып, қарады. Бұл жерден оны таппады. Видеоны қасқыр асыраушыларға жібердік, олар бұл ірі ит деген қорытынды айтты", - деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Алматы тауларында туристер аю көргенін хабарлаған болатын. Бұл карантин кезінде тауға шығатын адамдар азайғандықтан, жабайы аңдар қала шетіне қарай төмен түскенімен түсіндірілді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети