20 сәуір 2020 15:22

Желіде Алматыдағы № 4 емхананың дәрігерлері жаппай COVID-19 жұқтырды деген хабарлама тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері № 4 емхананың 27 қызметкері коронавирус жұқтырды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері № 4 емхананың 27 қызметкері коронавирус жұқтырды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде № 4 қалалық емхананың 27 қызметкері коронавирус жұқтырды деген мәлімет пайда болды. Алайда Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарды.

Ведомство мәліметінше, 27 медицина қызметкері үйдегі карантинге жіберілген. Себебі олар науқаспен қатынаста болған.

"Наурыз айының соңында Алматы облысында тұратын 27 қызметкер Alan Cirсus қонақүйіне орналастырылған. Кейінірек осы қонақүйде тұрған Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты № 4 қалалық емхананың 27 қызметкері 11-25 сәуір аралығында үйдегі карантинге жіберілді", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, барлық қызметкерден коронавирусқа сараптама алынғаны және олардың теріс нәтиже көрсеткені анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети