19 тамыз 2021 | 10:15

Желіде Атыраудағы мектеп-интернатта түсірілген жаншошырлық видео тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернаттың) бұрынғы қызметкері Ұлбике Бисекенова түсірген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" пен "Менің қалам" газеттеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернаттың) бұрынғы қызметкері Ұлбике Бисекенова түсірген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" пен "Менің қалам" газеттеріне сілтеме жасап.

Видеодан дәретхана жиегіне байланған бала, сондай-ақ дәлізде жатқан бала түсірілген кадрларды көруге болады.

"Міне, ол ауырып жатыр, бірақ ешкім көмектеспейді. Аға медбике мүлдем назар аудармайды. Ол бұрын сабырлы бала еді", - дейді видео авторы.

Сондай-ақ, әйел беті қан, қолдары байланған қызды көрсетеді. "Балалар жараланған, бірақ ешкім емдеп жатқан жоқ", - дейді автор.

Сонымен қатар, видео авторы бұрынғы әріптестерін балаларға бөлінген ақшаны ұрлады деп айыптайды.

"Мүгедек балаларға өте нашар қарайды, олардың жағдайы жасалмаған. Олар үшін күндігі өтіп кеткен тауарларды сатып алады, ал тексеру келе қалса, жаңа заттарды қойып барлығы жақсы деп өтірік айтады. Оларды жаман, былапыт сөздермен балағаттайды. Мен балаларға деген мұндай көзқарасқа қатты таңғалдым, өзімнің келіспейтінімді ашық білдіріп, жағдайды дұрыстауды қолға алғандарын талап еттім. Өйткені ол балалар онсыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған ғой, ал қызметкерлердің бұл әрекеті бұған қосымша әсер етеді", – деді Ұлбике Бисекенова.

Ол мемлекеттің мүгедек балалардың жағдайын жасауға оның ішінде - тамақтануға, киіндіруге, баспанамен қамтамасыз етуге миллиондаған қаржы бөлетінін, алайда бүлдіршіндер бұл көмекті тиісінше алмайтынын жеткізді.

Әйелдің айтуынша, ол өзінің наразылығын білдіре бастағанда, мекеме басшылығы еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады. Әйел қалалық әкімдікке жүгінген, олар да оның ешқандай шара қолданбаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @atyrauoil.news

Полиция департаментінің баспасөз қызметі интернаттың екі тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-ның 110-бабы ("Азаптау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Балалардан дене жарақаттары анықталған жоқ", - деп түсіндірді ведомство.

Видео сәуірде түсірілген. Ал Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шілдеде түскен.

Басқарма басшысының орынбасары Альфия Төлегариеваның айтуынша, прокуратура мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жақында жүргізген тексерулері орталықта құқықбұзушылықтар анықтамаған. Видеоның авторы Төлегариеваның айтуынша, орталықтың мүлкін ұрлауға қатысқан, барлық мән-жайлар анықталғанға дейін жұмыстан шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети