19 тамыз 2021 18:02

Атыраудағы интернатта түсірілген жаншошырлық видео: Nur Otan тексеріс жүргізеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Атырау қаласындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы (жүйке-психикалық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернаты) балалар құқығын қорғауды Nur Otan партиясы өз бақылауына алды. Бұған дейін орталықтың бұрынғы қызметкері түсірген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау қаласындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы (жүйке-психикалық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернаты) балалар құқығын қорғауды Nur Otan партиясы өз бақылауына алды. Бұған дейін орталықтың бұрынғы қызметкері түсірген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы жанындағы отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Закиева, медициналық-әлеуметтік мекемеде түсірілген видео ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтты.

"Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің тапсырмасы бойынша, Атыраудағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы (психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернат) балалар құқығын қорғауды қамтамасыз ету партия бақылауына алынды. Партияның облыстық бөлімшесі орталықтың қызметіне қосымша тексеру жүргізеді және оның қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізіліп, партия мүшелері Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшыларына, орталық қызметіне тиісті бақылау жасамағаны үшін шара қолданады", - деп жазды Динара Закиева Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, кеңес қызметі мен Nur Otan партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында, батыс өңірлердегі балалар мекемелеріне бару жоспарланған.

Депутаттың айтуынша, ол екі мың бала тұратын медициналық-әлеуметтік мекемелердегі және жалпы еліміздегі барлық интернат мекемесіндегі балалар жағдайы уәкілетті орган ретінде БҒМ жауапты тұлғалары алдында бірнеше рет көтерілген.

"Бірақ, өкінішке қарай, әлі күнге дейін ҚР БҒМ тарапынан ешқандай жүйелі іс-әрекет болған жоқ. Кеңестің алдағы отырысын біз осы мәселеге арнаймыз. Жауапсыз адамдардың кесірінен балалар зардап шекпеуі керек", - деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Атыраудағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері Ұлбике Бисекенованың түсірген видеосы жарияланған болатын.

Видеодан дәретхана жиегіне байланған, сондай-ақ дәлізде жатқан бала түсірілген кадрларды көруге болады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі интернаттың екі тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-ның 110-бабы ("Азаптау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Видео сәуірде түсірілген. Ал Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шілдеде түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети