Желіде ауғандарды Қазақстанға әдейі кіргізді деген фейк тарап жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ауғандарды Қазақстанға әдейі кіргізді деген фейк тарап жатыр

Желіде Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға әдейі жеткізгені туралы хабарламалар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.


Желіде Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға әдейі жеткізгені туралы хабарламалар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға былтыр жазда Үкімет бұйрығы бойынша кіргізілгені туралы хабарламалар тарап жатыр. Жазбада оларды Шымкентте орналастырғаны жазылған.

Сурет: stopfake.kz

Бұл қауесетті Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

"Ондай жағдай болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Қазақстан астанасына "2 мың тәліп келеді" деген қауесетті (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынған) Нұр-Сұлтан комендатурасы жоққа шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course down  582.69  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети