Желіде аяусыз соққыға жығылған оқушылардың видеосы тарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде оқушылар аяусыз соққыға жығылғаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде оқушылар аяусыз соққыға жығылғаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Редакцияға оқырмандар жолдаған видеода бірнеше оқушы тізіліп тұрғаны, оларды белгісіз біреу соққыға жығып жатқаны көрінеді, балағаттап жатқаны да естіледі.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, оқиға Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылында болған.

"9-сынып оқушылары жәбір көрген", - деп жазылған тараған ақпаратта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Зәкиеваның пікірі

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқушылар әлімжеттік көрген видеоға пікір білдірді. Ол оқиға Қараой ауылындағы №49 мектепте болғанын растады.

"Алдын ала зерттеу нәтижесінде бұл оқиға 2024 жылғы қыркүйекте болғаны анықталды. Қазір жағдайды жан-жақты қарау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс тіркелді. Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ата-аналармен түсіндіру кездесулерін өткізу, сондай-ақ, ықтимал жүйелік заңбұзушылықтарды анықтап, жою мақсатында мониторинг жүргізу шаралары ұйымдастырылды", - деді Зәкиева.

Полиция не дейді?

Алматы облысы ПД мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы заңсыз әрекеттер бейнеленген видео анықталған.

"Бұл дерек бойынша полицияға азаматтардан арыз-шағым түскен жоқ. Қазір кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша іс тіркеліп, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін құқықбұзушы жасөспірімнің және оқиғаны бейнетаспаға түсірген мектеп оқушысының заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция.

Сонымен қатар, жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылғаны белгілі болды.

"Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға қосымша ықпал ету шараларын қабылдау туралы ұсыныс енгізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы мұндай зорлық-зомбылық әрекеттері қоғамдық тәртіп пен заңдылық қағидаларын өрескел бұзу саналады. Осы тәріздес құқықбұзушылықтарға қатысы бар барлық тұлға заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп ескертті ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer