26 қазан 2022 14:00

Желіде бананнан кішкентай паразиттер табылды деген ақпарат тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде бананнан кішкентай паразиттер табылды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.


Желіде бананнан кішкентай паразиттер табылды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқырман бір видеоны тексеруді сұрап хабарласқан. Кадрларда ер адам микроскоппен бананның бөлігін қарап отырып, паразиттерді анықтаған. 

Бұл видеоның түпнұсқасы @mir_glazami_microscopa TikTok аккаунтында шыққан. Роликке ешқандай пікір жазылмаған. Алайда, бұл аккаунтта мағынасы жағынан ұқсас басқа видеолар көп.

Олардың бірінде автор жүгерінің собығынан паразиттер табады, одан кейін оны пісіріп, ештеңе болмағандай жеп алады. Екіншісінде – шұжықтан жасыл бөлшектерді, талшықтарды және шығу тегі белгісіз элементтерді анықтайды. Басқа роликтерге қарағанда шұжық туралы видео астынан пікір жазылған. Мәтінде оның фейк екені айтылған. 

Осы парақшада шұжық туралы видео бірнеше рет жарияланған. Роликтің бір нұсқасы - толық. Онда автор бұл кадрларды жасау үшін ол шұжықты матамен әдейі ұстаған, сондай-ақ компьютердің пернетақтасына және басқа да таза емес беттерде қойған.

"Парақшада жеміс пен көкөністе кездесетін құрттар туралы видеолар бар, бірақ көрмей қалатындай олардың ірі екенін маман емес те байқайды. Автордың "тәжірибені" қасақана бұрмаланғанын мойындағанын ескерсек, ол адамдарды алаңдатарлық видео түсіру үшін ол үлгілерге құрттарды салып, микроскоппен қараған деп пайымдауға болады.

Яғни, бананан паразиттердің табылғанына ешқандай дәлел жоқ. Көрермендерді осы жемісті жеу қауіпті екеніне сендіру үшін автор видеоны монтаждаған болар. Сонымен қатар дәл осы автор бұған дейін қорқынышты видеолар түсіру үшін үлгілерді әдейі ластағанын мойындаған болатын", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети