Желіде жарық өшуіне байланысты қауесет тараған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жарық өшуіне байланысты қауесет тараған elements.envato.com

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда "Нұр-Сұлтаннан берілген нұсқау" салдарынан Ақмола облысының тұрғындары жарықсыз қалды деген қауесет таралған. Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда "Нұр-Сұлтаннан берілген нұсқау" салдарынан Ақмола облысының тұрғындары жарықсыз қалды деген қауесет таралған. Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарлама авторының айтуынша, Ақмола облысының Астрахань ауданында электр жарығы жоқ, бірақ жарық неге өшірілгенін "аймақтық электр тарату желісі білмейді". 

"Нұсқау Нұр-Сұлтаннан берілген дейді! Жеткен жеріміз осы екен! Блогерлердің айтқаны біртіндеп орындалып жатыр! Одан да жаман болады! Дайындалыңдар, 90-жылдар келе жатыр", - делінген хабарламада.

Ақмола облысының әкімдігі электр қуатының өшірілуіне қатысты жағдайға пікір білдірді. Елордадан берілген тұрғындарды себепсіз жарықсыз қалдыру туралы бұйрық жайлы қауесет жоққа шығарылды.

"АЭҮК" АҚ ақпаратына сүйенсек, Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-де болған апат жағдайына байланысты Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінде ақау шығып, шектеулерді шұғыл енгізудің бекітілген кестелеріне сәйкес, тұтынылатын қуатқа шектеулер енгізілді. Энергиямен жабдықтауды шектеу кезең-кезеңмен алынып тасталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, өңір әкімдігі апат салдарынан Көкшетау, Щучинск, Степногорск және Ақмола облысы аудандарының тұрмыстық нысандарында электр қуаты өшірілгенін хабарлады.

Бұған дейін Instagram желісінің қолданушылары Тараздың аспанында түсірілген ұшақтың ізін адамдарды "уландыратын" химикаттардың ауада тозаңдануының дәлелі деп көрсетілген видеоны талқылаған еді. Бұл ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети