10 қаңтар 2021 13:25

Желіде қарт анасын ұрған түркістандықтың видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде қарт анасын ұрып-соққан ер адамның видеосы пайда болды. Оқиға Түркістанда болғаны анықталды. Өңірдің полициясы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде қарт анасын ұрып-соққан ер адамның видеосы пайда болды. Оқиға Түркістанда болғаны анықталды. Өңірдің полициясы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда қарт әйел мен ұлының арасындағы жанжал сәті түсірілген. Соңында жігіт анасына қол көтереді.

"Бұған дейін Петропавлда әйел анасына қол көтерген еді, ал енді Түркістанда ұлы анасын ұрды. Қазақстандықтар, бұл жаман мейстрим! Мұндайды қолдамаңыздар! Не болып барамыз", - дейді автор.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КрисП Кульджинский тракт (@kris_p_kuljinka)

Түркістан облысы Полиция департаменті өкілдері бұл жазбаға сәйкес арыз түспегенін айтты. 

"Осы бейнежазба бойынша жедел әрекет еткен мониторингтік топтың анықтауымен, оқиғаның 2020 жылдың 14 қазанында болғаны, ер азаматтың Орал қаласының, ал егде жастағы әйел мен келінінің Түркістан қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Аталған тұлғалардың да, егде жастағы анасының да ешкімге қояр шағым арызы жоқ екенін айтып көрсетті", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети