Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Желіде қызметкерлеріне 1,5 сағат былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарады 24 қараша 2022, 09:03

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов 1,5 сағат бойы өткен жиналыста қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан. 1 сағат
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Желіде қызметкерлеріне 1,5 сағат былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарады Желіде қызметкерлеріне 1,5 сағат былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарады

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов 1,5 сағат бойы өткен жиналыста қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан. 1 сағат 20 минуттық аудиода әкім "б...ь" сөзін 71 рет, "н...й" сөзін 73 рет айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Тоқжанов бұл оқиға биыл наурызда ауданды су басу қаупі болып тұрған кезде болғанын айтқан.

Жиналыста Тоқжанов аппарат қызметкерлері мен ауыл әкімдерін өңірді су басу қаупі бойынша есеп беруін талап еткен. Ол өңір әкімдерін аймақты су басу қаупі тұрғанда олар резеңке аяқкиіммен жүрудің орнына туфлимен жүргенін, техникаға қажет 10 литр дизель отынын таба алмай жүргенін және аппарат қызметкерлерін құжат тапсыру мерзіміне сай үлгермей жатқанын айтып сынаған. Зейнетке шығуына бірнеше күн қалған жағдайда да қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберетінін айтып сөккен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram