14 қаңтар 2021 15:40

Желіде "мас" полицейдің жол апатына ұшыраған сәтінің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде Алматы облысында "мас" полицейдің қарсы жолаққа шығып, жол апатына ұшырағаны түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматы облысында "мас" полицейдің қарсы жолаққа шығып, жол апатына ұшырағаны түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторлары полицейдің мас екенін айтады. Алайда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер видеодағы қызметкер мас болмағанын айтады.

Айта кетейік, бұл видео қазіргі уақытта әлеуметтік желілерден алып тасталды.

Видео авторының айтуынша, полицей мас болған. Сондай-ақ, видеода көліктің қирағаны және полицейлер формада болғаны көрінеді.

Алматы облысының полиция департаменті жол апаты туралы мәлімет тараған соң бірнеше күн өткен кейін ғана түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, жол апаты Алматы - Нұр-Сұлтан автожолында болған. Hyundai Accent және ВАЗ-21150 көліктері жол апатына ұшыраған.

"Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша видео авторы жариялаған мәлімет расталмады. Ол айтқан дәлелдер дұрыс емес. Видео авторы мен ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі өз нұсқасын айтты. Видео авторы тек жолаушы мас болған деп болжаған", - дейді полицейлер.

Сонымен қатар, сараптама қорытындысы құқық қорғау қызметкері мен екі жүргізуші де мас болмағанын көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети