03 қаңтар 2021 16:50

Желіде маскалардан у табылғаны туралы фейк хабарламалар тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Telegram-да Германияда медициналық маскалардан қауіпті у – анилин табылғаны туралы хабарламаларды талқылап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz


Қазақстандықтар Telegram-да Германияда медициналық маскалардан қауіпті у – анилин табылғаны туралы хабарламаларды талқылап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Олардың айтуынша, мұндай қорғаныс құралдарын пайдалану өте қауіпті және көптеген аса ауыр ауруларды тудыруы мүмкін.

"Біріншіден, анилин Viral Protect компаниясының M және L өлшемді қара маскалардың бір ғана партиясынан табылды. Бұдан басқа, өндірушінің ассортиментінде анилин жоқ басқа да модельдер бар. Өндіруші фирманың барлық атаулары сертификатталған және қауіпсіздікке тексерілген. Дегенмен, ықтимал қауіпті партия сатылымнан алынып тасталды. Айта кетерлік жайт, химиялық заттардың шамадан тыс екендігін растайтын сараптама әлі жүргізілген жоқ. Сондықтан маскалардың шынымен улы болған деп айта алмаймыз.

Екіншіден, анилин – бұл, шынымен, улы зат, жоғары концентрацияда ол орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Алайда, өндірісте аз мөлшерде және қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, кеңінен қолданылады. Анилинді резеңке, гербицидтер мен бояғыштар шығару үшін пайдаланады. Айта кетейік, онымен бояғыштармен әртүрлі маталардан тігілген киімдерді бояйды. Сондай-ақ, джинсыға арналған бояғыштарда жиі кездеседі. Анилинге негізделген бояғыштар қарапайым дүкендерде сатылады және үйде қолдануға жарамды", - деп жазады басылым.

Тәркіленген маска партиясы жасалған материал дәл осындай бояумен боялған болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, медициналық маскалар аса қауіпті деген қауесеттер асыра сілтеушілік деуге болады. Анилин масканың нақты моделінің бір партиясында екі өлшемде ғана анықталған. Оның үстіне, зат мөлшерінің рұқсат етілген нормадан асып кеткен-кетпегені белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети