22 сәуір 2020 11:42

Желіде полицейлерді қорлаған алматылық кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлерін ашық түрде қорлаған ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда полиция қызметкерлерін ашық түрде қорлаған ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында А. есімді ер адамның полиция қызметкерлерін қорлау фактісі анықталды.

"А. есімді ер адам Instagram желісіндегі парақшасында өз монологы мен бірнеше рет қорлау сөздері айтылған видео жариялады. Ол сөзінен ұялмастан, камерада бірнеше рет жағымсыз сөздер айтқан. ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы бойынша ол билік өкілін қорлағаны үшін жазаланады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Ер адам өз әрекеті үшін кешірім сұрауға асықты.

"Өз іс-әрекетіммен мен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарынан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Сіздерден мені түсініп, кешіргендеріңізді қалаймын. Мен ҚР-ның белгіленген заңнамасындағыдай заңның алдында толық көлемінде жауап беруге дайынмын. Кешіріңіз, өтінемін", – деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети