15 мамыр 2020 15:39

Желіде Шымкенттегі монша опырылған сәттің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының Откормсовхоз елді мекенінде тұрғын үй аумағында салынған монша өзенге опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласының Откормсовхоз елді мекенінде тұрғын үй аумағында салынған монша өзенге опырылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі Еңбекші ауданында Откормсовхо елді мекені бар. Онда 14 мамыр күні Бадам өзенінің сол жағалауында су тасып, шаруашылық құрылыстар қирады. Монша жеке үйдің аумағында орналасқан.

"Бұған дейін күндіз су арнасынан асып, жағалауды шайған кезде, біз орға жақын орналасқан үйлердегі қауіп-қатерді байқап, 14 мамырға қараған түні 31 адамды эвакуацияладық. Барлығының баратын жері, туысы болды. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ТЖД мәліметі бойынша, бір тұрғын үй жартылай опырылып қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SAEBIZ_BANDA (@saebiz_banda04)

Қазіргі уақытта осы ауданда құтқарушылар жұмыс атқарып жатыр. Тағы екі тұрғын үйге қауіп төніп тұр.

Еске салайық, Қазақстанның 15 өңірінде жауын-шашын мен желдің қаупіне байланысты ескерту жарияланды. 15 мамырда Шымкентте тағы күн күркіреп, жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл мен бұршақ жауады. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге, Қызылорда облысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети