Желідегі арандатушылықтарға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желідегі арандатушылықтарға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасалды Фото:gov.kz

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасап, әлеуметтік желілердегі арандатушылық пен алауыздық тудыруға мүлдем жол берілмейтінін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасап, әлеуметтік желілердегі арандатушылық пен алауыздық тудыруға мүлдем жол берілмейтінін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қадағалау органы әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған арандатушылық жарияланымдар мен пікірлерді тарату фактілері байқалатынын мәлімдеді.


"Мұндай әрекеттерге мүлдем жол берілмейтінін және заң бойынша қатаң қудаланатынын ескертеміз. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 174-бабында алауыздық тудырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына байланысты 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 2 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған", - делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратура "Қазақстанда онлайн-платформаларда заңсыз контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынғанын" еске салды.

"Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл тыйымды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3.1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Прокурорлар "таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін материалдарды жариялау мен таратудан бас тартуды" ұсынды.

"Жалған ақпаратты орналастырғаны және таратқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деп ескертті Бас прокуратура.

Құқық қорғау органдары "құқықтық салдар тек осындай жарияланымдардың авторлары үшін ғана емес, сонымен бірге оларды саналы түрде таратуға қатысатын тұлғалар үшін де туындайтынына" назар аударды.

"Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісім мен азаматтар арасындағы өзара құрметті бұзуы мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден аулақ болуға шақырады. Қазақстан халқының бірлігі, өзара құрмет пен қоғамдық келісім - еліміздің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және одан әрі дамуының негізгі құндылығы", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура "құқық қорғау органдары "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін кез келген құқық бұзушылықтың жолын кесетініне, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша заңда қарастырылған шараларды қабылдайтынына" сендірді.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +33
Ақтау +26
Ақтөбе +21
Атырау +26
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +33
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +31
П
Павлодар +32
Петропавл +29
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +38
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер