"Қазгидромет" мамандары желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мамандары желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы айда елімізде ауа температурасы төмендей береді.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік жартысында, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Ауа температурасының негізгі фоны түнде -23-28 градус, күндіз -12-20 градус болады. Онкүндіктің соңында түнде -13-23 градусқа дейін, күндіз -5-13 градусқа дейін аяздың әлсіреуі болжанады.
Еліміздің батысында антициклондық ауа райы басым, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-25 градус, күндіз -7-15 градус шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15 градус, күндіз 0, -5 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10 градустан -8-16 градусқа дейін, күндіз -2+3 градустан 3-8 градусқа дейін температураның ауытқуы болжанады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Ауа температурасы түнде -5-13 градустан 10-20 градусқа дейін, күндіз -5+5 градустан -8-13 градусқа дейін төмендейді.
Сондай-ақ, синоптиктер айдың соңында аяз бәсеңдейтінін айтады.
республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30 градусқа дейін, күндіз -10-18 градусқа дейін төмендейді;
Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18 градус, күндіз -5-13 градусқа дейін айтарлықтай төмендейді;
елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20° градусқа дейін, күндіз -5-13 градусқа дейін төмендейді.
Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың әлсіреуі күтіледі.
"Сонымен Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы норма шамасында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.
Жауын - шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында нормадан көп, Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан аз болжанады", - дейді синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!