1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады 03 желтоқсан 2020, 09:36

Бүгін Қазақстанның кей өңірінде қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның кей өңірінде қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен республика бойынша кей жерде қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын болуы мүмкін, оның ішінде қар мен жаңбыр, көктайғақ, ал кей жерде бұрқасын, тұман, желдің күшеюі болжанады.

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

"Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында секундына 18-23 метрге дейін жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Қарағанды облысының кей жерінде бұрқасын болып, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Jah Khalib үйленді