13 қараша 2014 14:59

Жемқорлық рейтингінде Түрікменстан Қазақстанды басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rutoday.org ©rutoday.org

Қазақстан сыбайлас жемқорлық жөніндегі рейтингте 141 орынды иеленді, - деп хабарлады TRACE Matrix. Бұл рейтингті TRACE International бейкоммерциялық іскерлік қауымдастығының (компанияларға жемқорлыққа қарсы заңнамаларға сай келуге көмектесетін халықаралық қауымдастық) сарапшылары Американың Rand Corporation талдау орталығымен бірлесе отырып құрастырды. Олар жемқорлық қауіптерін бағалаудың жаңа индексін ұсынды.

Орталық Азия елдері арасында Түрікменстан көш бастап тұр, рейтингте ол 197 елдің ішінен 115-орынды иеленді. TRACE Matrix мәліметінше, одан кейінгі орында Қазақстан тұр - 141-орын. Қырғызстан 161-орында, Тәжікстан 182-орында және Өзбекстан рейтингтің соңғы орындарының бірі - 194-орында. Қазақстанды Беларусь (74-орын), Украина (132-орын) мен Ресей де (134-орын) артқа тастады. Жемқорлығы жайлаған елдердің бірінші орнында Ирландия тұр. Алғашқы бестікке Канада, Жаңа Зеландия, Гонконг пен Швеция енген. Ең соңғы 197-орында - Нигерия.

Жемқорлық рейтингінде елдер төрт негізгі критерий бойынша бағаланған: бизнестің билікпен өзара әрекет етуі, елдегі жемқорлыққа қарсы заңдар, олардың қолданылу тәжірибесі, мемлекеттік қызметтің тазалығы және мемлекеттік процедураларға қоғамдық бақылау, соның ішінде, БАҚ тарапынан қадағалау мүмкіндігі. Төрт параметрдің әрқайсысының өз коэффициенті бар, ол тиісті индекспен бірге есептеледі. "Бизнес пен биліктің өзара әрекет етуі" критерийі - ең шешуші фактор, ал "жемқорлыққа қарсы заңнама мен оның қолданылуы" критерийіне ең аз көрсеткіш берілген. TRACE Matrix маңызды салаларды бірден 100-ге дейінгі индекспен өлшейді, көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, сол елдегі жемқорлыққа байланысты қауіптер де жоғары болады. 

Бұл рейтинг бизнес пен биліктің өзара әрекет етуі жөнінен Қазақстанның 72-орын алатынын көрсетіп отыр. Келесі меже - "жемқорлыққа қарсы заңдар мен олардың тәжірибеде қолданылуы" бойынша еліміз 22-орында. Мемлекеттік қызметтің тазалығы мен мемлекеттік рәсімдердің бақылануы жөнінен Қазақстан 55 және 53-орындарды иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети