25 мамыр 2022 19:56

Жеңілдетілген автонесие: жаңа шарт туралы жалған ақпарат тарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде мақұлданған жеңілдетілген автонесие бойынша көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге енгізіліп, оларға 2 жыл бойы несие алуына тыйым салынатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпаратты Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, азаматқа жеңілдетілген несие беру мақұлданса, бірақ 1 ай ішінде қандай да бір себептермен көлік сатып ала алмаса, ол 2 жылдан кейін ғана жеңілдетілген автонесие алу үшін өтініш бере алады.

"Көлік бар екеніне көз жеткізуіңіз керек", - делінген таралған хабарламада.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жеңілдетілген несие бойынша көлік сатып алуға тыйым салынатын 2 жыл мерзімі бағдарлама бойынша көлікті нақты сатып алған күннен басталады", - деді Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша Қазақстандағы алғашқы автомобиль берілгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети