16 сәуір 2022 12:25

Жеңілдетілген автонесие Қазақстанның көлік нарығына қалай әсер етеді?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сәуірдің соңында Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеуді қайта бастау жоспарланып отыр. Автонарықты талдау және мониторинг жасау орталығының директоры Артур Мискарян Tengrinews.kz тілшісіне жаңартылған бағдарлама Қазақстанның автонарығына қалай әсер ететінін түсіндірді.


Сәуірдің соңында Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеуді қайта бастау жоспарланып отыр. Автонарықты талдау және мониторинг жасау орталығының директоры Артур Мискарян Tengrinews.kz тілшісіне жаңартылған бағдарлама Қазақстанның автонарығына қалай әсер ететінін түсіндірді.

Спикердің айтуынша, бұл жолы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттарына Hyundai, KIA, Chevrolet, LADA, JAC және Renault модельдері кіреді. Алайда сарапшы жаңартылған автонесие Қазақстанда жасалған көліктерді сату үшін "қандай да бір ғажап серпін бермейтінін" айтты. Ол 2017 жылдан бастап еліміздің автокөлік нарығы орта есеппен 20-30 пайызға өсіп келе жатқанын атап өтті.

"Соңғы екі жылда тек Қазақстанда емес, жалпы әлемде ұсыныстың тапшылығы байқалады. Жеңілдетілген автонесиесіз де жағдай солай. Сұраныстың өсуі негізгі мына факторларға байланысты:

  • автопарк жаңарту үрдісі;
  • автомобильдендірудің төмен деңгейі;
  • төлемге қабілетті сұраныстың сақталуы", - деді Мискарян.

"Бағдарлама шарттары бойынша 100 миллиард теңгеге қазіргі бағамен шамамен 6,6-10 мың көлік сатып алуға болады. Мұны өте көп деп айта алмаймын. Иә, бағдарлама ұзақ мерзімге арналған. Иә, оның негізінде револьверлік принцип жатыр. Бірақ бұл ретте нарық көлемі мен баға динамикасын түсіну маңызды. 2020 жылы 90 мың жаңа автокөлік сатылды, ал 2021 жылы - 118 мың. Бұл көлемнің жартысынан көбі жергілікті құрастыруға тиесілі", - деп қосты ол.

Алайда Мискарян жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының жақсы жақтарын да айтты.

"Бағдарлама банктерден нарықтық несиелеу сегментінде жоқ шарттармен жаңа автокөлік сатып алуға мүмкіндік береді. Онда, еске сала кетейін, мөлшерлеме 25 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан жеңілдетілген автонесиелеу - мемлекеттің ерекше ұсынысы екені әсірелемесе де анық.

Өтінімнің мақұлдауын кезекте біраз уақыт күтуге және бағдарлама бойынша сатып алынған көлігіңізді біраз уақыт күтуге тура келуі мүмкін. Бірақ ол өзін ақтайды", - деді сарапшы.

Дегенмен, ол қазіргі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы кезінде бар тәуекелдерді де айтты.

"Әлемдік нарықтағы автомобиль тапшылығы әлі ешқайда кеткен жоқ. Қазір көп жағдайлардан бағаның өсетінін біліп отырмыз. Бір ел реттеушісі бұл жағдайлармен күресе алмайды. Сонымен қатар, бастапқы жарнасыз несие беру мүмкіндігі нақты кірістер мен бағамдық тұрақсыздықтың төмендеуі жағдайында белгілі бір тәуекелдерді тудырады", - деп қорытындылады Артур Мискарян.

Бұдан бұрын жеңілдетілген несиелеуге шамамен 100 миллиард теңге жұмсалатыны хабарланған болатын. Қазақстан өңірлерінде автобус парктерін жаңартуға 30 миллиардқа жуық теңге бағытталатын болады.

Жеңіл автокөлікті сатып алуға несие беру мына шарттар бойынша жүргізіледі:

  • сыйақы мөлшерлемесі: 4 пайыз;
  • несиелендіру сомасы: 10 миллион теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна: 0 пайыздан басталады.

Бірнеше көлік алуға бола ма? Жеңілдетілген автонесиеге қатысты маңызды 10 сұраққа жауап

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети