13 сәуір 2022 12:48

Бірнеше көлік алуға бола ма? Жеңілдетілген автонесиеге қатысты маңызды 10 сұраққа жауап

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін мемлекет жеңілдікпен несие беру бағдар­ла­ма­сы­на 100 миллиард теңге бөліп, оның шарттарына өзгеріс енгізді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа бағдарламаға қатысты басты 10 сұраққа жауап іздеді. 


Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін мемлекет жеңілдікпен несие беру бағдар­ла­ма­сы­на 100 миллиард теңге бөліп, оның шарттарына өзгеріс енгізді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа бағдарламаға қатысты басты 10 сұраққа жауап іздеді. 

Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие шарттары қандай?

Жеңіл автокөлікті сатып алуға несие беру мына шарттар бойынша жүргізіледі:

  • сыйақы мөлшерлемесі: 4 пайыз;
  • несиелендіру сомасы: 10 миллион теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна: 0 пайыздан басталады.
Автонесие беру қашан басталады? 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуірдің аяғына дейін іске қосылатынын айтты. 

"Осы айдың аяғында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі", - деді Өскенбаев.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қанша ақша бөлінеді? 

2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Мемлекет бюджетінен 150 миллиард, ал "ӨКМ Операторы" кәдеге жарату төлемінен 100 миллиард жұмсалады.

"2022 жылы мемлекет бюджеті тарапынан бастапқыда 30 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Келесі жылы 45 миллиард, 2024 жылы 50 миллиард беріледі", - делінген ИИДМ хабарламасында.

Мұндай көлік несиесі не үшін керек? 

Қаржыгер Нұрмұхамед Маманов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында несиенің бұл түрі ескірген көлік үлесін азайту үшін қажет екенін айтты.

"Жеңілдетілген автонесие Қазақстан нарығына керек басты механизмдердің бірі екені белгілі. Неге десеңіз, оның арқасында еліміздің көлік нарығындағы бірнеше мәселені оңай шешуге болады. Мысалы, Қазақстандағы 100 көліктің 64-і ескірген, яғни бұл өз кезегінде экологияның нашарлауына және жол апатының көбеюіне әкеліп соғады. Енді осы ескі көліктердің нарықтағы үлесін азайту үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы таптырмас мүмкіндік болып тұр", - дейді ол.

10 миллион теңгеден қымбат көлік таңдауға бола ма? 

Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие қарастырылған. Ал көлік 10 миллионнан қымбат болса, 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлеп, несие рәсімдеуге болады. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді. Көлік құралының құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтқан. 

Несие кімге беріледі?

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Клиенттің жасы 21-ден асуы қажет. Тұрақты айлық табысы ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз клиентін жеке зерттейтінін білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады.

Жаңа бағдарлама бойынша қандай көлік маркалары бар?

Негізі жеңілдетілген автонесие бойынша мына көліктер түседі: Chevrolet, Hyundai, Škoda, JAC, KIA, Lada және Renault. Дегенмен, бұл көліктердің барлық маркасы қолжетімді емес, осының ішінде 10 миллионнан асып кетпейтіні ғана саудада болады. Қазір әлемдік экономикалық ахуалға байланысты көптеген көлік бағдарламадан шығып қалуы мүмкін.

Әзірге 10 миллион теңгеге дейінгі жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын автокөліктер тізімі мынадай:

Бағдарлама бойынша несиеге бірнеше көлік алуға бола ма? 

Соңғы деректерге сәйкес, бір қарыз алушыны екі жыл ішінде бір реттен артық қаржыландыруға тыйым салатын шектеу енгізілген.

Қанша қазақстандық несие алуға кезекте тұр?

Ақпандағы мәлімет бойынша, бүгінде 15 мыңнан аса қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге кезекте тұр.

Көлік бағасы күрт өсіп кетпей ме? 

"Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқ. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын. Бірақ көп тауар бойынша тіпті төмендеу үрдісі байқалады", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Ол Қазақстандағы автомобильдердің жетіспеушілігі туралы мәселені көтерген де дұрыс екенін айтты.

"Қазір шынымен де, үш-төрт ай кезекте тұратындар бар. Бұл мәселе шын мәнінде, қиын болса тапсырма беремін. Жақында қазақстандықтар отандық машиналарды алуы үшін тиісті шаралар қабылдайтын боламыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети