13 мамыр 2022 12:01

4 пайыздық автонесиеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік жасаушылардың халықаралық форум кулуарында Скляр банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен қажет келісімдерді жасады. Олар өз рәсімдерін өткізіп, дүйсенбіден бастап несие бере бастайды", - деді Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары екінші деңгейдегі бес банк несиелендірумен айналысатынын айтты.

"Қателеспесем, бұрын кредит берген екінші деңгейдегі бес банк. Кредит беру бағдарламасы қазір де барын атап өткім келеді. Револьверлік негізде қазір де айналымда 88 миллиард теңге бар. Бұл бағдарлама кейінгі бес жылдан бері бар, біз тағы да 100 миллиард теңге қосып отырмыз, олар ӨКМ-нен өтеді", - деді Роман Скляр.

Бірнеше көлік алуға бола ма? Жеңілдетілген автонесиеге қатысты маңызды 10 сұраққа жауап.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети