06 ақпан 2023 11:50

Жеңілдетілген автонесиеге барлық өтінім 18 секундта берілді - ӨДҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "өтініш беру" функциясы істен шыққан.

"Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған", - деп толықтырды қор.

Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады. Бағдарлама жаңалықтарын қордың ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады,

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети