14 мамыр 2016 10:47

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы қалай өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Ұлттық мұражайында жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ұлттық мұражайында жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін комиссияның құрамына 75 адамның кіргені хабарланған еді. Олардың ішінде саяси партиялардың, ауылшаруашылық саласының және Үкімет пен Парламент өкілдері бар. Отырысқа қатысушылар Ұлттық мұражайының алдына сағат 10.00-де келді.


Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев


Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл


Еуропалық құқық пен адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов


Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов, "Жалын" журналының редакторы Мұхтар Шаханов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков


"Байсерке-Агро" агроөнеркәсіп холдингінің жетекшісі Темірхан Досмұхамбетов


Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев


"Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығы" республикалық коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасы Ғани Қалиев және ҚР әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина


Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев (оң жағында)


"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жиынды аша отырып, қатысушыларға қарап сөз сөйледі: "Комиссия жұмысына белсенді қатысуларыңызды сұраймын, әр адамнң дауысы маңызды". Ол отырыстың ашық режимде өтіп жатқанын, сондықтан да кез келген адамның бұл жөненде ақпарат ала алатынын айта кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети