Жерде магниттік дауыл басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жерде магниттік дауыл басталды Фото: elements.envato.com

Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Жер бетінде Мәскеу уақытымен таңғы сағат 1-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:00-де) кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауылдардың бірі басталды. Кейінгі күндері баяу төмендеген геомагнит белсенділік индексі түн ортасынан кейін бірден 7-деңгейге көтерілді (ең жоғары мән - 9), бұл 5 балдық шкала бойынша үшінші деңгейдегі магниттік дауылға сәйкес келеді", - делінген хабарламада. 

Ғалымдар болжамы бойынша, Жердегі магнит өрісінің тұрақсыздығы кем дегенде 2-3 күн сақталады, дегенмен қазіргі максимумға қайта жетуі екіталай.

Магниттік дауыл Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15-18 сағаттан кешікпей аяқталуы керек.

Физиктердің айтуынша, Күн жалынының жылдамдығы секундына 400-ден 800 метрге, ал планетааралық плазманың тығыздығы 100 есеге жуық артқан.

"Бұған дейін кейінгі төрт жылда бірдей деңгейде төрт дауыл тіркелген: биыл 12 мамырда, 2019 жылы 14 мамырда, 2018 жылы 26 ​​тамызда және 2017 жылы 28 қыркүйекте. Осы уақыт ішінде басқа маңызды құбылыстар байқалған жоқ", - деді зерттеу орталығы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +23
Ақтау +27
Ақтөбе +19
Атырау +26
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +22
П
Павлодар +23
Петропавл +22
С
Семей +27
Т
Талдықорған +25
Тараз +26
Түркістан +19
О
Орал +23
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер