06 қыркүйек 2022 09:23

"Жерде ұйықтаймыз". Алматы облысында көпбалалы отбасы киіз үйде тұрып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Almaty.tv Фото: ©Almaty.tv

Алматы облысы Әйтей ауылында көпбалалы отбасы киіз үйде тұруға мәжбүр. Мұндай жағдайда алты ай өмір сүру үш баланың, оның ішінде 3 айлық нәрестенің денсаулығына әсер еткен, - деп хабарлайды Almaty.tv.


Алматы облысы Әйтей ауылында көпбалалы отбасы киіз үйде тұруға мәжбүр. Мұндай жағдайда алты ай өмір сүру үш баланың, оның ішінде 3 айлық нәрестенің денсаулығына әсер еткен, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерлі-зайыптының бұдан жайлы баспанаға әзірше жағдайы келмейді.

"Жағдайымызды қараңыздар. Жерде ұйықтаймыз, осында тамақтанамыз. Үш айлық балам үшін қатты қорқамын, ол өте кішкентай. Тек соған ештеңе болмаса екен", - дейді көпбалалы ана Сандуғаш Әбдіқадырова.

Бүкіл отбасы суық тиіп ауырған, оның ішінде 3 айлық сәби де бар. Бала тоқтаусыз жөтеледі, бірақ емделуге ақша жоқ.

Бұл ретте, телеарна мәліметінше, 5 қыркүйекте қамқор жандардың көмегімен мұқтаж отбасы үйге қоныстанған. Бірақ үйдің ішкі құрылысы әлі аяқталмаған, ондағы жағдай киіз үйден артық емес. Жергілікті әкімшілік басшысы көмектесуге уәде беріп отыр.

"Бұл отбасы туралы сізден, яғни Алматы телеарнасы журналистерінен жаңа ғана білдік. Өзім көруге келдім, шынында да жағдай жоқ. Қолымнан келгенше демеушілер іздеймін, жүргізушіміз Самат Нұрмұханды аудан әкімдігіне апарып, әлеуметтік бөлімнің мамандары мәселені шешуге көмектеседі. Әзірге азық-түлік себетін дайындап, ертең тапсырамыз. Айдың басында көмірмен көмектесуге тырысамыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Әйтей ауылдық округінің әкімі Жарқын Қатубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети