26 сәуір 2016 11:53

Жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы қауесет таратқандарды жазалау керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұл норма ел азаматтарына биылғы 1 шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлерін аукционда сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қоғамда пікірталастар туғызған еді, себебі наразылық білдірушілер жерді шетелдік азаматтар иемденіп алуы мүмкін деген ойда. Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері жерді аукционнан тек Қазақстан азаматтарының сатып ала алатынын, ал шетелдіктердің 25 жылға жалға алуына болатынын түсіндірген еді.

"Шетелдіктерге жер сатылатыны туралы бұрыс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Бұған дейін бірнеше рет, тіпті менің өзім мұның жалған екенін айттым. Тағы бір рет ескерткім келеді, ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес, талқыланбайды да", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы барысында.

"Осы тақырып айналасындағы қауесеттің барлығы негізсіз. Осыған бастамалық еткендер әшкереленіп, елдің заңы бойынша жазалануы керек", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети