Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі деректер банкіндегі балалар үйлері тәрбиеленушілері жөніндегі туынды ақпаратқа адамды кемсітетін сипаттамалардың енгізгізілуі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі деректер банкіндегі балалар үйлері тәрбиеленушілері жөніндегі туынды ақпаратқа адамды кемсітетін сипаттамалардың енгізгізілуі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты 146 жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, оның ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйелерінің әлеуметтік педагогтары дайындаған.
Осыған байланысты министрлік 8066 тәрбиеленушінің дербес деректерін қайта тексерді.
Қызметкерлердің іс-әрікеттері балалар құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырғанын ескере отырып министрлік Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарының әкімдіктеріне аталған олқылықтарға жол берген қызметкерлерге шара қабылдау қажеттігі туралы хат жолдаған.
Алматы және Қостанай облыстары әкімдіктерінің ауызша берген ақпаратты бойынша, жауапты тұлғаларға сөгіс жасалды.
Алдағы уақытта балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дербес мәліметтерін жариялау ісі министрлік жанында құрылған қоғамдық кеңестің жұмысы шеңберінде бақыланады.
Бүгінгі таңда министрлік жетім балаларға арналған ұйымдарда кадрлік саясат бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстың басты бағыты - қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Балалар үйлері біртіндеп отбасыларды қолдау орталықтарына айналады.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 8 шілдесінде ҚР БҒМ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі ашылған болатын.
Алайда, ертесіне әлеуметтік желі қолданушылары толтырылған анкеталардың мазмұнына шүйлікті. Мысалы, 4 жасар бала былай сипатталған: "Хоббиі: ештеңемен айналыспайды. Жеке тұлғаның қасиеті: жігерсіз. Ойлау қабілеті: аңғал, ақымақ.