Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жетісу облысында қоқыс полигондары үшін шенеуніктер жазаланды 27 қыркүйек 2023, 15:35

Жетісу облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үшін жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Фото: Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Жетісу облысының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үшін жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс аумағында рұқсат құжаттары жоқ 37 қоқыс полигондары жұмыс істеген. Осылайша Текелі және Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында қоршаған ортаға зиян келтірілген.

"Бұған дейін экология департаменті жергілікті атқарушы органдардың назарын осы заңбұзушылықтарға аударған. Алайда олар шара қабылдамағандықтан табиғатты қорғау прокуратурасына араласуға тура келді", - делінген хабарламада.

Жетісу облысының прокуратурасы

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудан әкімінің 3 орынбасары және аудан әкімдігінің 1 бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 344-бабы ("экологиялық талаптарды бұзу") бойынша жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram