Жетісулық спортшылар тазалыққа үндейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жетісу облысының спортшылары қазақстандықтарды республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Мотивациялық бағытта бейнеролик түсіру арқылы, спорттың жауапкершілігі – ел тазалығын сақтаумен парапар екенін жеткізді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысының спортшылары қазақстандықтарды республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Мотивациялық бағытта бейнеролик түсіру арқылы, спорттың жауапкершілігі – ел тазалығын сақтаумен парапар екенін жеткізді.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бастау алғаннан бері өңір спортшылары айрықша белсенділік танытуда. Барлық спорттың нысандардың маңын қоқыстан тазартып, ауқымды акцияға үлес қосқан спортшылар осы жолы ойларын бейнероликпен жеткізген. Өңір тұрғындарын тазалыққа үндеген мотивациялық бейнеролик әлеуметтік желіде де тез тараған.

Ақмолда Сайрамкез, ауыр атлетикадан әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері: "Спортта да ел табиғатын аялауда да ортақ бір қыры бар – екеуінде де жауапкершілік пен патриоттық рух аса маңызды рөл атқарады. Дәл сол себепті біз "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына бірлесіп үлес қосуымыз керек деп есептеймін".

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 160 мыңнан адам атсалысты.

Бүгін Жетісу облысы жастарының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы және "Игі істер" марафоны аясында "Жинаquest" атты экологиялық квест ойыны өтті. Шараға белсенді жастар, эковолонтерлер, қала тұрғындары мен қонақтарынан жасақталған командалар қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Тазалыққа бағытталған ойын Талдықорған қаласының аумағында 5 локация бойынша өтті.

Сонымен қатар, Көксу ауданы бойынша "Таза аула" және "Таза көше" байқауларының қорытынды күні өтті. Республикалық акция аясында жарияланған байқау аталмыш ауданның барлық 10 ауылдық округінде ұйымдастырылған болатын. Ендігі кезекте ауқымды аудандық сенбілік ұйымдастырылып, соңында ең таза көшелер мен таза аулалар анықталды. Ең таза аулаларға арнайы тақтайшалар ілініп, аула тұрғындары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ағынды Ақсу өзені мен тұмса табиғатқа ие Жалаңаш көлінің жағалауында 100 адамның қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілде.

Айта кету керек, "Таза Қазақстан" акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1183 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 6337 тонна қоқыс шығарылып, 2226 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.

Аталған жұмыстар облыстың әр аумағын қамтып, жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Tengrinews
Жетісу облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer