04 мамыр 2023 09:33

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті. Бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті. Бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2-мамырда кешке қарай Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында болған.

23 жастағы автокөлік жүргізушісі мопед мінген 15 жастағы жасөспіріммен соқтығысқаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтау керек екенін еске салды, сонымен бірге ата-аналарға балаларына мопедтер мен жеңіл мотоциклдерді сеніп тапсырар алдында олардың санаттары мен рұқсат түрлерін назарға алу қажет екенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети