08 қыркүйек 2014 10:31

Жоғалған цезийді табуға қарапайым азамат көмектескен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цезий-137 салынған контейнер. ©Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі Цезий-137 салынған контейнер. ©Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында жоғалған цезийдің қайда тұрғандығы туралы ақпаратты полицияға қарапайым азамат хабарлаған, - деп жазады "Мегаполис"


Маңғыстау облысында жоғалған цезийдің қайда тұрғандығы туралы ақпаратты полицияға қарапайым азамат хабарлаған, - деп жазады "Мегаполис"

Қызылорда облыстық ІІД қызметкерлері басылымға полицияға қоңырау шалған ер адамның Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны екендігін және оның жұмыс істейтіндігін жеткізген. Оның радиоактивті затты қалай анықтағаны тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. Ер адам полицияға азаматтық позицияда қоңырау шалған, алайда ол биліктің уәде берген 1,5 миллион теңге сыйақысын алудан бас тартпайды. 

Еске сала кетейік, "цезий-137" радиоактиві заты салынған контейнер Оралдан Ақтауға тасымалдау үшін "КамАЗ-ға" тиелген болатын. Ол Маңғыстау ауданындағы Сайөтпес және Шетпе кенттері аралығында жоғалған. Бұл іске қатысты ІІД "Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережесін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қыркүйектің 5-інен 6-сына қараған түні Қызылорда қаласының тұрғыны белгісіз азаматтың "КамАЗ" жүк көлігімен Маңғыстау облысында жоғалған цезийді тасымалдап бара жатқандығын айтқан. Ақпарат алынған сәттен бастап тез арада қызылордалық және жақын маңдағы облыстардың жеке құрамына автокөлікті тоқтату бойынша хабарлама таратылған. Полиция көліктен жоғалған капсулаларды тауып, жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын қолға түсірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети